тәрбие жұмысы

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

В Улентинской средней школе ребята сами делают ремонт в своих кабинетах,проходят трудовую практику.Дети помогают по ремоту в спортивном зале,ухаживают за саженцами,поливают их.Хотим чтобы наша школа была красивой,а двор зеленым.
Автор: Султаналина Жазира

Салт – дәстүр – асыл қазынам.

Салт – дәстүр – асыл қазынам.

Мақсаты:

1) Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.

2) Дамытушылық: Оқушылардың қазақ халқының салт – дәстүрлерінің адамгершілік қасиеттерін бойларына сыйдырып, білім мен білік дағдыларын дамыту.

3) Тәрбиелік: Ата – аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.

Сабақтың барысы:

1 жүргізуші:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

2 жүргізуші:

Қазамның салт – дәстүрі жаңғырған.

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет – ғұрпына, салт – дәстүрлеріне бағытталған «Салт – дәстүр – асыл қазына» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Ән: «Қазақтың салт - дәстүрі».

1 жүргізуші: тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт – дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек. Салт – дәстүрлерінің ішіндегі бала  тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.

Тәрбие дәстүрі

Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

1)    Шілдехана (салт). Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын – сауық, той.

2)    Кіндік кесер (салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс.

3)    Бесікке салу (салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиеті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4)    Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5)    Тұсау кесер (салт). Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүрып кетсін деп жасалатын ғұрып.

Ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз. Қазақ халқынынң қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

1)    Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

2)    Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбиге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

3)    Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл» дейді.

Дәстүр  -  халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт – сана, әдет – ғұрып, мінез – құлық, тәлім – тәрбие және рухани іс – әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрін атап өтсек.

1)    Тыштырма (дәстүр).  Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала – шағаларына үлестіріп береді.

2)    Базарлық (дәстүр). Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші – көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3)    Байғазы (дәстүр). Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйы.

4)    Тілашар (дәстүр). Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар тойы» деп атайды.

5)  Асату (дәстүр). Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жас жігіттерге таратады.

2 жүргізуші:     

Шашу, шашу,  шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!

1 жүргізуші: бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?

1 сұрақ. 10 атаны атап беріңіз. (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене,  туажат, жекжат, жұрағат, жамағат)

2 сұрақ.  А. 3 мақсатты ата.  Жол мақсаты – жету, дау мақсаты – біту, сауда мақсаты – ұту.

В. Үш арсыз. Ұйқы, тамақ, күлкі.

С. 3 алыс. Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

Д. 3 биді ата. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

Е. 3 даусыз. Мінез, кәрілік, ажал.

Ғ. 3 арыс. Сәкен Сейфуллин, Беймбет Майлин

 


Просмотров: 2908
Дата создания: 13.09.2012
Дата редактирования: 13.09.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource